TIGGO 4 PRO — жеке стилімен және мінезімен танылатын жаңартылған сәнді қалалық кроссовер. Кроссовердің атауында «PRO» қыстырма сөзі бар, бұл модельдің прогрессивті нұсқасын білдіреді (ағылшынның «progress» сөзінен қысқартылған).
Жаңа Tiggo 4 PRO өмірлерін дербес құрылғылармен әрекет жасаусыз елестете алмайтын және белсенді өмір салтын тәуір көретін жастағы жас аудиторияға арналып жасалған. Стильді және технологиялық дизайнының арқасында Chery Tiggo 4 PRO кроссовері жас жандарға өздерінің жарқын даралығын көрсетуге мүмкіндік береді.
TIGGO 4 PRO кроссовері TIGGO 7 PRO және TIGGO 8 PRO атты жоғарырақ модельдердің 3D-матрицаның концептуалды бейнесінде жасалған жаңа радиатор торына ие болды. Стилистикалық өзгерістер алдыңғы б?
Логотип проекциясы айналадағылардың назарын аудартады, сондай-ақ TIGGO 4 PRO салонынан шыққан кезде пайдалы жарық түсіріп тұрады.
Қара түсті жиектемесі бар артқы шамдардың 3D-дизайны ескерту функциясын тамаша орындайды және модельдің бейнесін анағұрлым спорттық ете түседі.
Стилистикалық өзгерістер алдыңғы бамперге де енгізілді — атап айтқанда, күндізгі жүріс жарықтары енді қосарланған жарықдиодты жолақтар түрінде жасалған және G пішінді әрлеу элементімен қоршалған.
Интерьер элементтеріндегі қызыл түсті екпінді бөлшектер автокөлік бейнесіне спорттық мінез бен жеке стиль береді.
2610 мм-лік дөңгелек базасына арқасында автокөлік салоны кең және сыйымды болып шықты. Интерьердің эргономикалық дизайны заттар мен әртүрлі ұсақ-түйектер сақтауға арналған 34 бірдей бөлімді сыйдырады.
Chery Tiggo 4 Pro-ның үлкен сыртқы габариттері оның ішіндегі салонның алдыңғы және артқы қатарларындағы таңғалдырарлық кеңдігін де, жүксалғыштың көлемін де анықтап көрсетеді. Артқы орындықтардың күйіне байланысты жүксалғыш бөлімнің көлемі 340-тан 1100 литрге дейін өзгереді.
Бел аймағын жақсырақ ұстау үшін орындық арқалығындағы бүйірлік таяныштардың қалыңдығы өзгеріп отырады. Жүргізуші орындығының 6 бағытта электрлі реттеулері, бел тіреуішін 4 бағытта реттеу, орындықтардың электрлі жылытқышы – жүргізушіге премиум деңгейлі қолайлылық пен жайлылықтан ләззат алуға мүмкіндік береді.
TIGGO 4 PRO-ның интерьерінде сыныбы жоғары автокөлік сезімін тудыратын тек жоғары сапалы әрлеу материалдары ғана қолданылады.
Интеллектуалды климат-контроль жолаушы мен жүргізуші үшін жеке микроклиматты қамтамасыз етеді.
Климат-контрольдің түрлі түсті 8" сенсорлы экраны – премиум сегментінің тренді.
Жүргізуші орындығының 6 бағытта электрлі реттеулері, бел тіреуішін 4 бағытта реттеу, орындықтардың электрлі жылытқышы - премиум деңгейлі қолайлылық пен жайлылық.
Люкті бір түрту арқылы басқарыңыз - қысып қалудан қорғанышы бар конструкция жарақат алуды болдырмауға көмектеседі. Күннен қорғайтын перде 100% күңгірттенуді қамтамасыз етеді, жазды күні күйдіретін күнді тиімді оқшаулайды.
TIGGO 4 PRO арты қатарының жолаушылары тек қолайлы және кең орындықтардың ғана арқасында емес, екінші қатарға арналған климат-контрольдің қосымша дефлекторларының болуына байланысты өздерін барынша жайлы сезінетін болады.
Тез зарядтау функциясы бар USB порттарының қажетті санының болуы заманауи автокөліктің ажырамас элементі болып табылады. Негізгі консольдің астындағы қосымша қуыс климатты және БАҚ басқару элементтерінің жанында орын алмастан, кез келген гаджеттерді зарядтауға мүмкіндік береді.
Стильді тігісі бар былғарымен қапталған көп функция руль тамаша визуалды және тактильді сезімдер тудырады, ал мультимедианы, борттық компьютерді, Bluetooth және круиз-контрольді басқару түймелері бар көп функциялы модульдер басқару үдерісін қауіпсіз етеді. Жайлы отыруды сондай-ақ рульдің шығымы және көлбеу бұрышы бойынша реттелуі де қамтамасыз етеді.
Диагоналі 10,25” және кескінінің жоғары айқындығы бар медиаорталық экраны 1920*720 HD ажыратымдылығы бар көлемді сенсорлы тақтамен жабдықталған.
Ауаны баптау жүйесінде қорғаныс деңгейі жоғары N95 ұсақ түйірлер сүзгісі пайдаланылады. Ол 0,3 мкм асатын зиянды элементтердің 95 % астамын сүзіп алады.
Электронды аспаптар тақтасының 7" экраны медиаорталықтың дисплейімен әрекеттесе алады. Дисплей жарығы Eco/Sport қозғалыс режимімен бірге өзгереді.
Кілтсіз кіру жүйесі қолдарыңыздағы сөмкелеріңізді қоймастан, автокөліктің есігін немесе жүксалғышты кілтсіз жеңіл ашуға мүмкіндік береді. Есіктердің құлыптарының ашылуы автокөлікке жақындаған кезде одан 1.2 м қашықтықта автоматты түрде орын алады, ал құлыпталу – автокөліктен шыққан кезде 1.5 м немесе одан көп қашықтықта орындалады. Автокөлікті ашпастан қозғалтқышын қашықтан оталдыру мүмкіндігі қолжетімді. Қозғалтқышты кілтсіз оталдыру түймесі - бұл заманауи, технологиялық және өте қолайлы шешім.
Телефоныңызды жай ғана қуаты 15 Вт-тық тез қолайлы сымсыз зарядтау функциясы – Charge Pal жүйесінің бөліміне қойып, қозғалыс кезінде зарядтап алыңыз. Ол қолайлы және сымсыз зарядтау функциясы бар барлық телефондарды дерлік қолдайды. Егер автокөліктен шыққан кезде телефон ішінде қалып қойса, ескерту сигналын естисіз. Зарядтау үдерісінің күйі орталық басқару экранында көрсетіледі.
Электрлі тұрақ тежегіші (EPB) электронды басқару арқылы іске қосылады және әрбір дөңгелекте тәуелсіз тежеу күшін қамтамасыз етеді, бұл автокөліктің тұрақта сенімді тежеліп тұруын қамтамасыз етеді. AutoHold қысқа аялдамалар кезінде автокөліктің уақытша бекітілуін (тежелуін) жүзеге асырады. Тежегіш педалін басқаннан кейін тежелу әсері автоматты түрде сақталады.
Luxury жинақтамасындағы CHERY TIGGO 4 PRO CVT25 вариаторымен бірге динамикалық 1.5 литрлік бензинді турбиналы қозғалтқышпен (147 а.к.) жабдықталады.
Алдыңғы тәуелсіз McPherson аспасы дәл рульмен басқаруды, жолмен жақсы ілінісуді және сенімділікті қамтамасыз етеді. 190 мм-лік жол саңылау TIGGO 4 PRO-ның өткіштігін айтарлықтай жоғарылатады.
Honeywell турбокомпрессоры және DVVT газды үлестіру фазаларын қосарлы басқару технологиясы тиімділік пен динамиканың ең үздік көрсеткіштерін қамтамасыз етеді (1.5 TURBO).
CVT25 вариаторы 280 Нм-ге дейінгі кіріс моментінде сенімді жұмыс істеуге қабілетті. Bosch болат белбеуі трансмиссияның жоғары ПӘК-ін (92.5%-ға дейін) және 7%-ға дейін отын үнемділігін қамтамасыз етеді. Отын шығыны (92 октандық саны бар бензинге рұқсат етіледі) 100 км-ге аралас режимде 7,1 литрді, қалалық режимді – 9,2 литрді, қала сыртындағы режимде – 5,8 литрді құрайды.
Өзіне тән ромб пішінді хромдалған алдыңғы торымен бірге аэродинамикалық бампер модельдің жарқын жастарға арналған дизайнын айшықтап көрсетеді және қозғалтқыштың тамаша салқындатылуын қамтамасыз етеді.
Ультраберік, термоқалыпталған болатпен мырыштаудың есебінен пайдалану жағдайларына бейімдеу – барлық бөлшектер мырышталған (төбе мен капоттан өзге), мырыш жабынының қалыңдығы 0,2 мм (екі жағынан). Шанаққа кепілдік 5 жыл! *
Шанақ конструкциясының беріктігі жоғары болаттардың мөлшері 60%-дан асады. Шанақ элементтерінің көбі немістің Benteler концерні жеткізетін болаттан жасалған.
TIGGO 4 PRO-ның барлық нұсқалары энергия тұтынуды төмендету, есептеуді жылдамдату және жауап қайтару уақытын азайту үшін өнімділігі жоғары ең жаңа процессорды пайдаланатын ESC бағдар тұрақтылығы жүйесімен жабдықталған.
Жарықдиодты шалғай және таяу жарық фаралары сапалы жарықтандырудың және қарсы келе жатқан жүргізушілердің көздерін қарықтыру қауіпін төмендетудің қарапайым және тиімді шешімі болып табылады.
Жарықдиодты фаралардың жарық беруі дәстүрлі галогенді шамдармен салыстырғанда шамамен 2,7 есеге жоғары. Фаралардың нәзік баптауы кез келген жағдайларда біркелкі және сапалы жарықтандыруды қамтамасыз етеді. TIGGO PRO-ның LED-фаралары Сіздің қауіпсіздігіңізді күзетуде.
CHERY TIGGO 4 кроссовері Chery International халықаралық командасының инновациялық әзірлемесі - T1X модульдік платформасы негізінде құрылған. Шанақтың төменгі бөлігінің беріктігі соққы энергиясын жұтуға қатысатын үштік лонжерондарды қолдану есебінен қамтамасыз етіледі, бұл шанақты энергия сыйымды және аз деформацияланатын етеді. T1X платформасы алдыңғы және артқы орындықтарға арналған үлкен кеңістікті қамтамасыз етеді, ал үлкен кіру және шығу бұрыштары автокөліктің өткіштігін арттырады.
Бұған шанақ конструкциясында екі жағынан мырыш қабатымен қапталған беріктігі жоғары Benteler болатының қолданылуының, 10 кезеңді катафорезді грунттау үдерісінің және заманауи материалдарды қолдана отырып сапалы бояудың арқасында қол жеткізіледі. Мұндай қорғаныш өзінің коррозияға төзімділігі бойынша кәдімгі болаттан жасалған конструкциядан 25 есе асып түседі.